SDU University-де «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастармен мазмұнды кездесу өтті.
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесуге 200-ге жуық студент қатысып, құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқыладық.
Кездесуге Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Ғалия Бақтығұлова, Қарасай ауданы прокурорының орынбасары Расул Копбаев және аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхаммет Лашынбай қатысты.
Ашық форматта өткен кездесуде жастардың сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмастық. Өйткені жастардың заңды білуі, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуі – құқықтық мәдениеті жоғары, жауапкершілігі мол қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.

