Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді халыққа кеңінен түсіндіру – маңызды жұмыстардың бірі. Қызылорда қаласында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесулер өткізуі осы бағыттағы жүйелі жұмыстың жалғасы деп білеміз. Әсіресе, зиялы қауым, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен ашық форматта пікір алмасудың маңызы зор.Мұндай кездесулерде ел дамуының басым бағыттары талқыланып, қоғамды толғандырған мәселелерге қатысты сұрақтар қойылады. Министрлік өкілдері мен қоғам қайраткерлерінің қатысуы өзекті тақырыптарды жан-жақты түсіндіруге мүмкіндік береді. Ең бастысы, Жолдауда айтылған бастамалар халыққа түсінікті болып, нақты істер арқылы жүзеге асуы қажет.

