Қырғауылды ауылындағы Алтынемел көшесіне асфальт төселіп, жол тұрғындардың пайдалануына берілді.
Көлік қозғалысы жиілеп, автокөліктер санының артуына байланысты аталған жолды пайдалану тұрғындар үшін қосымша бағыт ретінде ұсынылып отыр. Бұл жол негізгі көшелердегі көлік қозғалысын жеңілдетіп, кептелісті азайтуға мүмкіндік береді.
Тау Самалы көшесімен жоғары көтерілген кезде сол жаққа бұрылып, Бірлік көшесіне, яғни орталық көшеге, сондай-ақ Ақсай және Саялы көшелеріне шығуға болады. Осы бағыттарды пайдалану арқылы жүргізушілер негізгі жолдағы кептеліске түспей, қажетті бағыттарына ыңғайлы түрде жете алады.

