Алматы обласы Қарасай ауданы КВ-68 Алмалыбақ-Жетісу жол белгілерінің болмауына қатысты азаматтардан келіп түскен хабарлама бойынша Қарасай ауданының полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері жол ұйымының өкілдерімен бірлесіп, комиссиялық тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою мақсатында қажетті жол белгілерін орнату бойынша тиісті шаралар қабылданып, жауапты жол ұйымына нұсқама берілді.

