Шамалған ауылдық округі әкімдігі, Қарасай ауданының Мансап орталығы және EcoJurekAlmaty ұйымының негізін қалаушысының бірлесуімен Үшқоңыр тауында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты — қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа жанашырлықпен қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сенбілік барысында қатысушылар тау бөктерін қоқыстан тазартып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Табиғатты қорғау — баршамызға ортақ міндет! Әрбір игі іс таза әрі көрікті болашаққа бастайды.

