Ағымдағы жылдың 8 қараша күні көрікті Үшқоңыр шатқалында Қарасай ауданы әкімдігі мен SDU университетінің әкімшілігі жүгіру марафонын ұйымдастырды.
Спорттық шараға 100-ден аса қатысушы қатысып, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Марафонның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жүгіру спортын кеңінен дәріптеу, бұқаралық спортқа деген қызығушылықты арттыру, жастар мен тұрғындарды белсенді өмір салтына баулу.
Іс-шара бағдарламасы салтанатты ашылу рәсімін, марафонды, фуршетті, сондай-ақ жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін қамтыды.
Марафон қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, спортқа деген құлшынысты арттыруға және ортақ мақсат жолында бірігуге мүмкіндік берді.
Жеңімпаздарға медаль, алғыс хат және қаржылай сыйлықтар табысталды.

