«Заң мен Тәртіп» қағидатын насихаттау мақсатында Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында құмар ойындардың алдын алуға бағытталған кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында құмар ойындарға тәуелділіктің адамның психологиялық, әлеуметтік және қаржылық жағдайына кері әсері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар интернеттегі заңсыз ойын платформаларының қауіптері, қаржылық сауаттылықтың маңызы және тәуелділіктің алдын алу жолдары түсіндірілді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толық жауап алды. Жастарға уақытты тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын ұстану және өз болашағына жауапкершілікпен қарау жөнінде пайдалы кеңестер берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құмар ойындардың зияны туралы ақпараттандыру және ойын тәуелділігінің алдын алу.

