«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Жібек жолы ауылында кезекті «Таза бейсенбі» тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстарына Жайлау көшесінің тұрғындары мен қоғамдық жұмысшылар қатысып, көшенің аумағын қоқыстан тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Тазалық – ортақ міндет. Ауылымыздың көркеюіне үлес қосып, туған жерге жанашырлық танытқан тұрғындарға алғыс білдіреміз!

