Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Азамат Серікұлының қатысуымен Жастар ресурстық орталығы, ювеналды полиция қызметкерлері бірлесе «Балаларға назар аударамыз» жедел-профилактикалық түнгі рейдтік шарасы өткізілді.
Рейд барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүруінің алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

