Мектебімізде оқушылардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Қарасай әкімшілік полиция бөлімі қызметкерлері қатысып, оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан дұрыс өту, жол белгілеріне назар аудару және көшеде қауіпсіз жүріп-тұру ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
👮♂️ Полиция қызметкерлері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Қауіпсіздік – әрқайсымыздан басталады!
Жол ережесін сақтайық, өз өмірімізге және өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайық

