Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

Газета "Naqty" ("Заман жаршысы"). Мәдениет саласының үздігі атанды
Четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Мәдениет саласының үздігі атанды
14:53, 22 декабря 2020

Мәдениет саласының үздігі атанды

Мереке аясында біздің ауданның мәдениет саласының өкілдері де марапаттан шет қалған жоқ. Үнемі айналасына көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйлайтын, мәдениетке баулитын, киелі сахнаның қадірі мен қасиетін жете түсінетін, өмірлерін өнермен өрген жандардың еңбегі еленді. Атап айтқанда, аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Еркін Рахимов, «Үшқоңыр» этно-фольклорлық ансамблінің директоры Динара Маметекова және аудандық Мәдениет үйінің хор жетекшісі Қалбибі Абдуллаева Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерімен наградталды.
Марапат иелерінің еңбек жолына тоқталар болсақ. Еркін Нығметұлы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Музыка және ән» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары «Жаркент әуендері» ән-би ансамблінің жетекшісі болып, «Шолаққарғалы» мәдениет үйінің директоры қызметін атқарған. 2010-2013 жылдары Сүйінбай филармониясында әртіс мамандығымен еңбектене жүріп «Құлансаз» фольклорлық- этнографиялық ән-би ансамбіліне белсене атсалысады. Е. Рахимов Алматы облысының әкімі А.Баталовтың алғысымен, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі және БАӘ 45 жылдық тәуелсіздігі мерекесінде ҚР Дубайдағы бас консулы А.Исагалиевтың Алғыс хатымен марапатталды. Осы саладағы жұмыс өтілі – 33 жыл.
Динара Кемелханқызы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетін «вокал оқытушысы» мамандығы бойынша аяқтады. 2019 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Өнерге қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған. 2010 жылдан бастап Қарасай аудандық мәдениет үйінде қызмет атқарды. Облыстық «Жырлайды жүрек» байқауының бас жүлде, 2012 жылы Тұңғыш Президент күні мерекесін атап өту аясында Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы – 2012» жастар сыйлығының «Жас өнерпаз» номинациясының иегері. 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген аудандық «Дарынды жастар» атты байқауының «Заманауи ән» номинациясын жеңіп алды. Қазіргі таңда көпшілік көрерменнің көңілінен шығып жүрген «Асыл Ер», «Халқымның қазынасы-бойтұмарым» әндерінің авторы, «Әй, угай», «Қара шаңырақ», «Жан сырым», «Сағыныш», «Менің қазағым» және т.б. әндерінің орындаушысы. Осы саладағы жұмыс өтілі – 15 жыл.
Қалбибі Алпысбайқызы Оңтүстік Қазақстан облысы әл-Фараби атындағы Мәдени ағарту институтын тәмамдаған. Сонымен қатар, Алматы облыстық халық шығармашылығы Қ.Сүлейменовтың «Алғыс хатымен», КСРО және Қазақстанның Халық Әртісі Роза Бағланова атындағы Халықаралық «Ақ сұңқарым» атты байқауының «Алғыс хатымен», «Ақ көгершін» қоғамдық балалар қорының «Алғыс хатымен», республикалық «Самға, жұлдыз» конкурсының «Алғыс хатымен», республикалық «Бозторғай» конкурсының «Алғыс хатымен», Астана қаласында өткен республикалық «Шаттық» конкурсы Совет Одағының халық Әртісі Б.Төлегенованың «Алғыс хатымен», «Ақ көгершін» қоғамдық балалар қорының «Алғыс хатымен», республикалық «Жұлдыз болғың келсе» конкурсының «Алғыс хатымен» және т.б. грамоталармен марапатталған. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Өнерге қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері. Осы саладағы жұмыс өтілі – 31 жы.
Марапаттарыңыз құтты болсын, мерейлеріңіз арта берсін, мәдениет саласының үздіктері!
Бұрым ОРЫНБАСАР.

Об авторе: naqtygazeti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2026 Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru