Спорт күніне орай жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа қызығушылықты арттыру және командалық рухты нығайту мақсатында Шамалған ауылында «Жүгір. Ойна. Жең!» атты эстафеталық сайыс ұйымдастырылды.
Сайысты Қарасай аудандық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының басшысы Ахметжанов Қуаныш Әбілқасымұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа 6 команда қатысып, жас спортшылар шапшаңдық пен ептіліктерін ортаға салды. Сайыс барысында қатысушыларға ережелер түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптары сақталды.
Қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен командалар жүлделі орындарға ие болды.
Спорт – күш! Спорт – жігер! Спорт – бірлік!

