Шамалған ауылындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде 2011-2012 жылы туған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дәстүрлі «Қарасай батыр» дзюдодан турнирі өтті. Аталған жарыс жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, дзюдо спортын дамытуға және өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Турнир барысында жас дзюдошылар өзара бақ сынап, татамиде жеңіске деген жігері мен дайындығын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болды.

