1 наурыз – көктемнің көркем мерекелерімен қатар, жалпыхалықтық басты саяси ұйымға айналған мемлекеттің мызғымас тірегі «Nur Otan» партиясының құрылған күні. Биыл жиырма бірінші рет аталып өтіп отырған мерекеге арналған салтанатты жиын аудандық партия филиалының кеңсесінде ұйымдастырылды. Басқосуға облыстық «Nur Otan» партиясының филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев арнайы келді. Сонымен қатар, жиынға аудан әкімінің орынбасары …
Қазіргі уақытта Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шын мәнінде ірі жоба екенін ұққандаймыз. Ол бойынша бүкіл ел көлемінде аса ауқымды жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде біздің ауданда да ұйымдастырылған шаралар аз емес. Жуырда Шамалғандағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» мақаласының үш жылдығына арналған жиын өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Қанат Айманов, аудандық білім, …
Первого сентября 2017 года на нашей благодатной карасайской земле в рамках программы «Рухани жаңғыру» был открыт мемориальный комплекс «Батыр бабаларға тағзым». Возведен он на 26-ом километре трассы Алматы-Жандосово, на территории Райымбекского сельского округа. Примечательно то, что 20 сентября 2017 года в сопровождении акима области Амандыка Баталова посетил его и наш Елбасы. По сути, здесь на …
Осыдан бір апта бұрын «Nur Otan» партиясының Қарасай аудандық филиалында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтіп, бірқатар мәселелердің айналасында айтылған пікірлер назарға алынды. Басқосуға бақылау комиссия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары және арнаулы оқу орындарының өкілдері қатысты. Сағындық Жылқыбаев төрағалық еткен жиында комиссия мүшелерінің талқысына бірнеше нақты мәселе алға тартылды. Олар: бес әлеуметтік …
13 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған Жанболат Жөргенбаев аймақтарды аралап, аудан активімен кездесу өткізуде. Өткен аптада Жанболат Әкебайұлы біздің ауданымызда да болып, «Nur Otan» партиясының алға қойған мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті. Жиын аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаеваның төрағалығымен ұйымдастырылған болатын. Жаңа басшы ең алдымен Қарасай ауданының жетістіктерін тілге …
Жуырда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты басқосу өтті. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов ашқан мерекелік жиынға аудандық партия филиалының саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, партияның белсенділері, бастауыш партия ұйымының төрағалары және «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты. Алдымен Қаныбек Құлжабайұлы мерекемен жиналғандарды шын жүректен құттықтап, басты құндылықтарымыз …
Абай Құнанбаев өзінің поэзиясымен қазақтың көркем сөзін шырқау биігіне көтерген, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруға зор еңбек сіңірген. Өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы мен ұлттық ерекшелік қасиеттері көрінетін ұлы Абай атамыздың туғанына келер жылы 175 жыл толғалы отыр. Осы ретте жақында, яғни, желтоқсан айының 11-і күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы …
Жуырда аудандық кітапханада аймақ тарихындағы тұлғаларды, ақын-жазушыларды, еңбек адамдарын келер ұрпаққа таныстырып, мұра етіп қалдыруға зор үлес қосқан Үсенбай Тастанбековты еске алуға арналған «Өшпестей із қалдырған дана да дара тұлға» атты шара ұйымдастырылды. Өзі өмірден өткенімен артында өшпестей із қалдырған азаматтарымыз аз болмаған. Әсіресе, шәкірт тәрбиелеумен қатар өңірдің дамуы үшін қажырлы еңбек еткен, қызмет барысында …
Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Сонымен қатар, мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Қазіргі кезде біздің ауданда мұндай мәрт азаматтардың қатары көбейіп, қолдарынан келгенше, халыққа көмек беруде. Сондай шаралардың бірі ретінде жуырда аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен, «Бақытты отбасы» жобасы аясында, «Қайырымды жандар» атты қайырымдылық акциясы өтті. Жиынның басында …
Осы аптаның сәрсенбіcінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында, аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап беру үшін, аудан прокурорының міндетін атқарушы Ержан Омбаев қабылдау өткізді. Жиынды «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов жүргізіп отырды. Қабылдауға келгендер несие беру, нотиралдық кеңседегі алаяқтық, ұрлық сияқты көптеген мәселелер бойынша шағымданды. Мәселен, Қаскелең қаласының тұрғынының осыдан төрт …










