Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту – қоғамның жаңа мүмкіндіктерге қадам басуы. Цифрландыру – тиімділік пен қолжетімділікке жол. Жасанды интеллект – инновация мен дамудың жаңа бағыты. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Цифрлық даму – жарқын болашақтың негізі!
Қарттар күніне орай Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің ұжымы саналы ғұмырын білім мен тәрбие саласына арнап, талай жылдар бойы шәкірт тәрбиелеген ардагер ұстаздарға ерекше құрмет көрсетті. Колледж ұжымы ардагер ұстаздардың шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, сый-сияпат табыстады. Бұл – ел ертеңін тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан ардақты жандарға деген шынайы ризашылық пен құрметтің белгісі. …
Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Цифрландыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және экономика салаларының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Жасанды интеллектіні дамыту – инновациялық технологияларды енгізудің, еңбек өнімділігін арттырудың және еліміздің цифрлық әлеуетін нығайтудың маңызды бағыты.
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында «Әділет» партиясының белсенділері мен жастары, полиция қызметкерлері және парыз еріктілерімен бірлесіп, рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасөспірімдерге құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Рейд барысында қоғамдық орындардағы тәртіпке назар аударылып, жастарға заң талаптарын сақтау, …
«Сақтан» жобасы аясында Қарасай ауданының ювеналды полиция қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығы және «Парыз» еріктілері бірлесіп, кезекті түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында түнгі компьютерлік клубтар, мейрамханалар, барлар және аула аумақтары тексерілді. Сонымен қатар, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталып, олардың ата-аналарына қатысты хаттамалар толтырылып, тиісті ескерту берілді.
Қарасай ауданы «Жасыл Ел» еңбек жасақшыларының қатысуымен «Киелі аймақ»акциясы аясында, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде Қаскелең қаласының көрікті таулы бөктерінде тазалық жұмыстары жүргізілді. 🌱 Шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатты аялау, туған өлкенің көркін көркейту және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Жастар белсенділік танытып, табиғи аумақты қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыру жұмыстарына өз …
Тазалық – ортақ міндет, табиғатты қорғау – баршамызға ортақ жауапкершілік. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қарасай аудандық кітапханасының қызметкерлері сенбілікке қатысып, кітапхана аумағын және айналасын тазалау жұмыстарын жүргізді. 🌱 Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрқайсымыздың күнделікті әдетімізге айналуы тиіс. Таза әрі көрікті орта қалыптастыруға өз үлесімізді қосайық! Тазалық – тәртіптің бастауы! Таза Қазақстан – таза …
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект – қоғам дамуының маңызды бағыттарының бірі. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеуге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жасанды интеллект – білім, ғылым, бизнес және мемлекеттік қызмет салаларында жаңа мүмкіндіктер қалыптастыратын инновациялық құрал.
Қарттар күніне орай Қарасай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері В.Г. Белинский атындағы мектеп-гимназиясының «Жас сақшы» сыныбымен бірлесіп, ауданымыздағы қарттарды арнайы барып құттықтады. 💐 Ізгі тілектерін білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлаған жас сақшылар үлкендерге құрмет көрсетудің, ізеттілік пен қамқорлықтың үлгісін көрсетті. Қариясы бар елдің — қазынасы бар. Барша ардақты ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке …
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Жібек жолы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыруымен, «Еркінай тәттілері» кондитерлік үйінің демеушілік қолдауымен қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция аясында «Қарасай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» бөлімшесінде есепте тұрған зейнеткерлерге қайырымдылық көмек көрсетілді. Қарттар мен ардагерлерге …










