Қарасай ауданында «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді жобаға тарту жұмыстары басталды. Жобаның негізгі мақсаты – кітап оқуды күнделікті өмір салтына айналдыру, азаматтардың зияткерлік әлеуетін арттыру және тұрақты кітап оқу дағдысын қалыптастыру. Осы бағытта марафон аясында мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге арналған «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» арнайы бағыты қарастырылған. Аталған бағыт қызметшілердің …
Ұмтыл ауылдық округінің жастары табиғатты қорғау және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған экологиялық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында жастар аумақты тазалап, табиғатты аялау — әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін өз үлгілерімен көрсетті. Табиғат – болашақ ұрпаққа аманат. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау, табиғи байлықтарды ұқыпты пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Осындай игі …
Жібек жолы ауылдық округінде жастар, жасөспірімдер, кәмелетке толмағандар және орта буын азаматтар арасында құқық бұзушылық, буллинг, зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу мақсатында «Өмір сүр, үміттен!» атты профилактикалық іс-шара өткізілді. Кездесуге «Отбасын қолдау орталығының» директоры Елена Владимировна Константинова, Қарасай ауданы ПБ Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Жансая Әділқызы Даниярова, Қарасай ауданы ПБ …
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және Мансап орталығымен бірлесе отырып бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке барысында NEET санатындағы және аудан жастарына бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмысқа орналасу, кәсіби бағыт таңдау және еңбек нарығындағы мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді.
Іргелі ауылдық округі World Cleanup Day — Дүниежүзілік тазалық күніне орай ұйымдастырылған жалпыұлттық акцияға белсенді түрде қатысты. Округ аумағында сенбіліктер өткізіліп, көшелер, аулалар және қоғамдық орындар тазартылды. Әр тұрғынның үлесі — таза әрі жайлы ортаны қалыптастыруға қосылған үлес. Тазалық — ортақ жауапкершілік. Өзіңнен баста!
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Халық кеңесінің құрамы төмендегідей: 1. Аймұрзаева Раушан Нұрғалиқызы – Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты 2. Акижанова Гаухар Берікқызы – Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысының халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі 3. Ақтаев Жандос Берікұлы – «Esti Bol …
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту – қоғамның жаңа мүмкіндіктерге қадам басуы. Цифрландыру – тиімділік пен қолжетімділікке жол. Жасанды интеллект – инновация мен дамудың жаңа бағыты. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Цифрлық даму – жарқын болашақтың негізі!
Қарасай ауданы полиция басқармасының ұйымдастыруымен және музей қызметкерлерімен “Заң мен тәртіп-қоғам қауіпсіздігінің кепілі” тақырыбында жас сақшыларға танымдық іс-шара өткізді. Бүгін оқушылар қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған музейге барып, тағылымды экскурсияға қатысты. Экскурсия барысында оқушылар Жамбыл Жабаевтың өмір жолымен, шығармашылық мұрасымен және қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесімен танысты. Музейдегі құнды …
«Алтын Ауыл атындағы орта мектебінің» комуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бактыгуль Кенесовна, мектеп психологы Нургул Ыкласовна, Қарасай АПБ-ның ҚҚБ-нің ЮПТ-ның УПИ капитаны Бутаканов Асқар Рамазанұлы, Қарасай АПБ-ның ҚПБ-нің аға жедел уәкілі полиция майоры Имамбаев Нұрбкек Әділбекұлы 9-10 сынып оқушыларына жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласында пара самбодан Әлем кубогі өтті. Халықаралық додада Қарасай ауданының спортшысы Қожәлім Самал 50 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жоғары шеберлік танытып, жарыс жеңімпазы атанды. Қожәлім Самалдың бұл жеңісі — жүйелі дайындық пен табандылықтың нәтижесі. Қарасай ауданының спортшысын Әлем кубогіндегі жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдіреміз.









