«Сақтан» жобасы аясында Қарасай ауданының ювеналды полиция қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығы және «Парыз» еріктілері бірлесіп, кезекті түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында түнгі компьютерлік клубтар, мейрамханалар, барлар және аула аумақтары тексерілді. Сонымен қатар, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталып, олардың ата-аналарына қатысты хаттамалар толтырылып, тиісті ескерту берілді.

