Мы живем в прекрасном и сильном независимом государстве, имя которому – Казахстан. И хотя мои предки с других мест, но для меня эта священная земля – моя любимая Родина, в ответе за которую каждый гражданин Казахстана. По воспоминаниям моих родителей – папы Бориса Васильевича и мамы Ирины Ким самым тяжелым для них был сентябрь 1937 …
Тәуелсіздік күні – ұлтымыз үшін ұлы мереке. Осыдан тура 32 жыл бұрын егеменді ел атандық. Азаттықпен бірге ел дамуының жаңа бағыттарын айқындадық. Шекарамыз шегенделіп, ұлттық рухы бар мызғымас мемлекетке айналдық. Тәуелсіздігімізді баянды ету үшін әрқайсысымыз аянбай еңбек етіп, елдің дамуына өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Тәуелсіздік күні өткен тарихымызға көз салып, қайта бағамдау маңызды. Біз жіберілген …
Қазақтанның ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні! Бұл ұлық мереке халқымыздың қаншама жылдан бері арманы, аңсары болды. Осы егемендікке қол жеткізу жолында қаншама қазағымның батыл әрі намысшыл ұл қыздары өз өмірлерін құрбан етті. Солардың арқаларында біз бүгін қанатымызды кеңге жайып, бейбіт күннің астында өмір сүріп жатырмыз. Еліміз дамып, əлем таныған іргелі мемлекетке айналдық. Әлеумет, экономика, …
Қарашаның қара жаңбыры төпелемей тұрған жаймашуақ күндердің бірі еді. «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмін түсіріп жатқан жерді іздеп шығып, бірден таба алмай біраз әурелендік. Мыңбаев ауылының батыс жағында екенін телефондағы картадан көргенімізбен, елді мекеннен ұзағанда байланыс аясы түгесіліп, мүлдем басқа бағытқа ұзап кеткенімізді жолда кездескен малшыдан біліп, кері бұрылдық. Заманында төселген асфальттан жұрнағы ғана қалған, опырылған …
Ұзынағаш ауылында етік тігетін «Қадам КЗ» атты шағын өндіріс орны жұмыс істейді. Мұнда жылдың барлық мезгіліне арналған аяқ киімдер таза былғарыдан қолмен тігіледі. Қазақтың ою-өрнектері салынған киімнің басқа да түрі ұлттық нақышта орындалуымен ерекшеленеді. Ерлер және әйелдерге арналған аяқ киімдер сапалы әрі сан түрлі. Алғашқы уақытта тек тапсырыспен жұмыс істеп келсе, кейіннен кәсіпорын иесі Әсел …
Халқымызда ертеден келе жатқан «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» деген сөз бар. Осыған қарап-ақ отбасындағы әкенің рөлі қай кезде де өте маңызды екенін аңғаруға болады. Жаңа отбасы құрылып, бала дүниеге келген сәттен бастап ер азамат сол әлемнің қамқоршысы, қорғаушысы, баласы үлгі ретінде қарайтын әкеге айналады. Біз қанша жерден баламен кішкентайынан 90 % …
Исмаилжан Әбдіқадырұлы 1959 жылы осы ауылда туған. Сан ұлттың басын қосқан жұмысшылар кенті ол кезде Фабричный аталатын. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Қарғалы деген тарихи атауы қайтарылды. Осында ержетіп, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген ол туған ауылындағы мектепте ұзақ жыл ұстаздық етті. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып басталған еңбек жолы …
Тәуелсіз туған Отанымыздан айналайық! Кең байтақ елі-жеріміздің әр тасы, әрбір бұтасы ыстық. Көгіне шұбатылып жататын көк түтіні де көңілімізге жақын. Ұлағаты мол ұлтымыздың қара домбырасынан төгілер күмбір де күмбір күйіне, ғажайып көркем тіліне жетер ештеңе жоқ?! Қастерлеп төрге іліп қоятын домбыраның орны да жөні де бөлек. Кең даланың құшағына ғаламат үнмен Құрманғазының күйлері төгіліп бір …
Әсілі, ұлтымыздың ғасырдан ғасырға, атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәсүрлері, жөн-жоралғылары өсіп-өркендей бергені ләзім. Көкпар да соның бірі. Ұлттық ат спортының тамаша түрі. Көкпар – өзіне ықыласты жандарды ат құлағында ойнауға үйретеді. Жігіттің білек күшін сомдап, қажыры мен қайратын шыңдайды. Адамды ат үстінде шыдамды болуға, ептілікке жетелейді. Дүрмекті топтың ішінде жерде жатқан көкпардың дүниесін …
Құлдық өмірден құтылып, мемлекет билеушісіне дейін көтерілген Сұлтан Бейбарыстың туғанына биыл 800 жыл толып отыр. Мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған батыр бабаның мерейтойы елімізде лайықты деңгейде атап өтілуде. Даңқты қолбасшыны ұлықтау шарасы жақында Қарасай жерінде де ұйымдастырылып, «Ұлы даланың баһадүр ұлы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Қарасай аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған шараға тарих және этнология институтының …