Қарашаның қара жаңбыры төпелемей тұрған жаймашуақ күндердің бірі еді. «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмін түсіріп жатқан жерді іздеп шығып, бірден таба алмай біраз әурелендік. Мыңбаев ауылының батыс жағында екенін телефондағы картадан көргенімізбен, елді мекеннен ұзағанда байланыс аясы түгесіліп, мүлдем басқа бағытқа ұзап кеткенімізді жолда кездескен малшыдан біліп, кері бұрылдық. Заманында төселген асфальттан жұрнағы ғана қалған, опырылған …
Қашан көрсеңіз де жүзінен мейірім шуағы төгіліп тұратын бұл кісіні ауданда «Биші апа» атап кеткен. Мейраш апаны көпшілік жақсы таниды. Алайда құжат бойынша есімінің Үмітжан екенін екінің бірі біле бермейді. Тоқсанға таяған апамыз өнерге әлі де құштар. «Би өнері менің өмірімнің өзегіндей болып кетті ғой, балам. Егер сахнаға шақырса қазір де билеуге бармын», – дейді …
Салт-дәстүр халықпен бірге жасасып, тарихында өшпес із қалдырады. Алайда уақыт алға жылжыған сайын халқымыздың кейбір салт-дәстүрлері артта қалап, бүгінде өсіп келе жатқан жастарымыздың арасында ұмыт болып бара жатқандары жетерлік. Осы ретте соңғы жылдары елімізде аталмыш мәселеге мән беріп, осы бағытта жұмыс жасайтын әртүрлі ұйымдар құрылып, ауқымды істер атқаруда. Сондай ұйымның бірі – «Қазақ аналары дәстүрге …
Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның құрылғанына 50 жыл толды. Жарты ғасырлық дүбірлі той Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның концерт залында тойланды. Өнердің киелі шаңырағы Дінмұхамед Қонаевтың тікелей бастамасымен 1973 жылы құрылған еді. 1990 жылы халық ақыны Сүйінбай Аронұлының есімі берілді. Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген ұжымға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты табысталды. Талай өнерпаздың еңбегі еленіп …
Жақында Қонаев қаласында мәдениет және өнер саласының қызметкерлері арасында өткен «Рухани қазына – 2023» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Биылғы фестивальге еліміздің түкпір-түкпіріндегі музей, кітапхана мен мәдени ойын-сауық ошақтарының 200-ге жуық қызметкері қатысты. Нәтижесінде 29 аталым бойынша үздіктер анықталды. Олар арнайы дипломға және ақшалай сыйлықтарға ие болды. Мәдени мекемелер арасындағы жеңімпаздарға 1 млн теңгеден, ал мәдени қызметкерлер …
Исмаилжан Әбдіқадырұлы 1959 жылы осы ауылда туған. Сан ұлттың басын қосқан жұмысшылар кенті ол кезде Фабричный аталатын. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Қарғалы деген тарихи атауы қайтарылды. Осында ержетіп, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген ол туған ауылындағы мектепте ұзақ жыл ұстаздық етті. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып басталған еңбек жолы …
Тәуелсіз туған Отанымыздан айналайық! Кең байтақ елі-жеріміздің әр тасы, әрбір бұтасы ыстық. Көгіне шұбатылып жататын көк түтіні де көңілімізге жақын. Ұлағаты мол ұлтымыздың қара домбырасынан төгілер күмбір де күмбір күйіне, ғажайып көркем тіліне жетер ештеңе жоқ?! Қастерлеп төрге іліп қоятын домбыраның орны да жөні де бөлек. Кең даланың құшағына ғаламат үнмен Құрманғазының күйлері төгіліп бір …
Елеулі де мерейлі Нағима Таласбаеваны Жетісу өлкесінің тұрғындары жақсы таниды. Біздің кейіпкеріміз Көксу ауданындағы Ерікті ауылында дүниеге келген. Жұмыс бабымен Кеген өңірінде тұрақтап қалғанына жарты ғасырдан асып барады. Бар мәнді ғұмырын өнерге арнап келе жатқан сүйегі асыл, жүрегі жұмсақ, тілегі алтын ананың өмірдегі, өнердегі соқпақтары тек қана сәттіліктеріне толы. – Ол кезде Талдықорған өз алдына …
Мынау жарық дүниеде адамға рухани нұры мен нәрін ғана сыйлайтын өнер әлеміне жетер, тең келер ештеңе жоқ. Өнер өлкесінен жаның жадырайды, көңілің көркейеді. Мөлдірліктен, ізгіліктен, тұп-тұнық сырлы сезімдерден ғана құралатын өнер әлемінен аларың көп. Жетісудың төрі саналатын таланттардың өлкесі – Кеген ауданында мәнді де мағыналы бар ғұмырын өнерге арнап, елі мен жұртына талай жылдардан әуезді …
Құлдық өмірден құтылып, мемлекет билеушісіне дейін көтерілген Сұлтан Бейбарыстың туғанына биыл 800 жыл толып отыр. Мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған батыр бабаның мерейтойы елімізде лайықты деңгейде атап өтілуде. Даңқты қолбасшыны ұлықтау шарасы жақында Қарасай жерінде де ұйымдастырылып, «Ұлы даланың баһадүр ұлы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Қарасай аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған шараға тарих және этнология институтының …