Ағымдағы жылдың 10 қараша күні аудан көлемінде Алматы облысы балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, балалардың құқықтарын, өмірі мен психологиялық денсаулығын қорғау, балаларға қатысты қауіп-қатерлердің алдын алу, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген «Алматы облысы балалардың құқықтары мен психологиялық денсаулығын қорғаудың аудандық жүйесінің алгоритмі» аясында атқарылған жұмыстарды талқылау және талдау бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңеске аудандық прокуратура, полиция басқармасы, Қарасай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, мектеп, колледж директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысты. Алгоритмнің жұмысын іске асыру барасында кездесетін мәселелер түсіндіріліп, талқыланды.

