«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Алкогольге жол жоқ!» Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қаскелең мәдениет колледжінде жастар арасында алкогольдік ішімдіктердің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында алкогольдің адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашағына тигізетін кері әсері туралы айтылды. Сонымен қатар жастарға зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу соңында жастар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.
Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі!

