Қарасай ауданында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуші жастарды күзгі әскерге шақыру науқаны қарқынды түрде басталды. Соған сәйкес аптаның сәрсенбісі күні ауданның жас сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті. Патриоттық шараға аудан әкімінің орынбасары Азамат Жандосов, ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, генерал-майор Амангелді Құрманғалиұлы, отставкадағы полковник Мәлік Калиев сынды ауданымыздың құрметті ардагерлері, сондай-ақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің …
Қазақстанда «101», «102», «103», «104», «112» сияқты шұғыл көмек көрсетудің байланыс нөмірлері тұрғындардың өтініштеріне назар аударып, әрбірін жедел шешуге арналған. Ал осылардың қатарындағы «109» бірыңғай орталық қызметін көпшілік біле бермейді. Бұл жоба елімізде 2018 жылы Астана қаласында іске қосылып, одан кейін әр өңірлерде жүзеге асырыла бастады. Алматы облысында бұл қызмет 2024 жылдан бері жұмыс істейді. …
Күз маусымының келуімен, қара жерге салқын ызғар біліне бастағанына қарамастан, Қарасай ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп келеді. Өткен аптада табиғатқа деген жанашырлық пен азаматтық жауапкершілікті ту еткен қарасайлықтар кезекті рет сенбілікке жұмыла шығып, өздері тұратын ауданды абаттандыруға белсене атсалысты. Аудан аумағын қамтыған …
Алмалыбақ ауылының ажарын ашып тұрған көрікті жерлердің бірі – Дінмұхамед Қонаев атындағы саябақ. Мұндағы жанға сая болып, жайқалып өскен теректердің өзі демалыс орнының тарихынан сыр шертіп тұрғандай. Себебі тамыры тереңге кетіп, діңгегі қатайған ағаштардың бой көтеруі сонау 60 жылдардан басталған. 2 га аумақты алып жатқан саябақты талай жыл жергілікті халық өз күштерімен шама-шарқы жеткенше күтіп …
Цифрлық технологиялар – қоғамның дамуына серпін беріп, күнделікті өмірді жеңілдетудің маңызды құралы. Ал жасанды интеллект (ЖИ) жаңа идеяларды жүзеге асырып, қызмет көрсету сапасын арттыруға және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгінде цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алу, ақпаратқа жылдам қол жеткізу және заманауи технологияларды тиімді пайдалану мүмкіндігі кеңейіп келеді. Цифрландыру мен ЖИ – инновацияға жол …
Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, публицист, аудармашы Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай орталығымызда «Өрнекті өлең, өр рух – Қасым жыры» атты танымдық сабақ өтті. Шараға Қарасай батыр атындағы орта мектебінің оқушылары қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығы, қазақ әдебиетінде алатын орны туралы мағлұмат алды. Танымдық сабақ барысында оқушылар ақынның өнегелі өмір жолымен танысып, рухты …
Қарасай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері SDU университетінің студенттері арасында ішкі істер органдарына қызметке қабылдау тәртібі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында студенттерге полиция қызметіне орналасу талаптары, үміткерлерге қойылатын шарттар және құқық қорғау органдарында қызмет атқару мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданның белсенді жастарына New York Film Academy (NYFA) оқу орнына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында жастар кино және медиа саласындағы білім беру мүмкіндіктерімен танысып, шығармашылық мамандықтар туралы ақпарат алды. Іс-шара жастардың кәсіби бағдарын қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталды. Жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу – болашаққа жасалған маңызды қадам!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қарасай ауданы мен Қаскелең қаласы әкімдіктерімен және SDU UNIVERSITY Студенттік Омбудсмені және университет белсенділерімен бірге бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргіздік. Тазалық — туған жерге деген құрметтің көрінісі. Әрқайсымыз өз ортамыздың тазалығына жауапкершілікпен қарасақ, еліміздің көркеюіне үлес қосамыз. Алайда тазалық дегеніміз — тек көшелерді қоқыстан тазарту ғана емес. Ол — адамның ішкі мәдениеті, …
«Əділет» партиясының жастар қанаты ауқымды «Таза Qazaqstan» Roadэстафетасын бастады. Оның аясында 5 мыңға жуық жас азамат 13-16 қазан аралығында «Астана – Өскемен» бағытындағы автожол бойында жалпы ұзындығы 1800 шақырымға жуық аумақты қоқыстан тазалайды. Іргелі іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында қолға алынуда. Бұл – аса маңызды …










