Өткен аптада «Ауылым – алтын бесігім» атты қала мен аудандағы мәдениет күндері аясындағы байқауға орай Қарасай аудандық кітапханасы арнайы кітап көрмесін ұсынды.
Шараның мақсаты – туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, ауыл тарихын дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттау және жас ұрпақтың бойында елге, жерге деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында ауылдың қадір-қасиеті, туған жердің адам өміріндегі орны мен маңызы туралы тағылымды ойлар айтылды. Қатысушылар туған ауылға деген ыстық ықыластарын білдіріп, ел мен жерді қадірлеудің маңызын атап өтті.

