Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығында «Шамшырақ» жас ұстаздар хабының 2027 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Жиын барысында хабтың алдағы кезеңдегі негізгі бағыттары айқындалып, жоспарланған іс-шаралар мен бастамалар сараланды. Сонымен қатар, жас ұстаздардың кәсіби дамуын қолдау, тәжірибе алмасу және олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған бірқатар жобалар әзірленді. Алдағы уақытта аталған жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Райымбек ауылдық округі бойынша санитарлық-тазалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында округке қарасты елді мекендерде қоғамдық орындар мен көше бойларында тазалық жұмыстары жүргізіліп, аумақтар қоқыстан тазартылды. Ауылдық округ аумағын абаттандыру және санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар атқарылды.
Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлының кезекті халықпен кездесуінде «Асыл Арман» тұрғындары тарапынан қоғамдық көлік аялдамасы, жаяу жүргіншілер жолы және жол сапасына қатысты ұсыныстар айтылған болатын. Тұрғындардың өтініштері ескеріліп, аялдама жаңартылып қана қоймай, Бисембаев көшесіне дейін толықтай жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынды. Сонымен қатар, аталған бағыт бойынша жаңа асфальт жабындысы төселіп, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруына …
Бүгін жастар саясаты бағытында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында SDU университетінде студенттермен «Жастар арасындағы этносаралық келісім және нашақорлықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында этносаралық татулық пен келісімді нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Іс-шара барысында студенттерге қоғамдағы өзара сыйластық пен келісімнің …
«Бір экспонат сыры» айдарында — ел тарихында ерекше орын алатын «Қазақ елі» монументі. Тәуелсіздік тарихын айшықтайтын «Қазақ елі» кешені — ел рухы мен ұлттық бірліктің символы. Қазақстанның символына айналған құнды жәдігерлер мен нысандардың тарихын “Атамекен” орталығы арқылы танысыңыздар!
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект – қоғам дамуының маңызды бағыттарының бірі. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеуге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жасанды интеллект – білім, ғылым, бизнес және мемлекеттік қызмет салаларында жаңа мүмкіндіктер қалыптастыратын инновациялық құрал.
Наша республика вступает в новый этап развития атомной промышленности, опираясь на многолетний опыт обеспечения ядерной безопасности и мирного использования атомной энергии. Об этом – в интервью заместителя председателя Агентства РК по атомной энергии Гумара Сергазина, передает Naqtygazeti.kz со ссылкой на kazpravda.kz. – Гумар Екпинович, каковы основные направления государственной политики Казахстана в сфере мирного использования атома? …
Оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды, құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленді. 12 сараптама тағайындалды. Қызметке салғырт қарады деп күдік келтірілген, сондай-ақ метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау мен қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етпеген, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған, соның салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соққан лауазымды тұлғалар …
Өткен аптада Тәжікстанның Душанбе қаласында пара самбодан Әлем кубогі өтіп, зағиптар мен көру қабілеті бұзылған спортшылар дүниежүзілік додада бақтарын сынады. Әр елдің намысын қорғауға аттанған саңлақтардың қатарында қазақстандық самбошылар да болды. Олар Қазақстанның атын байрақты бәсекеде қорғап, ел мерейін асыратын нәтижелі көрсеткіштерге жетті. Солардың ішінде Қазақстанның әйелдер құрамасының жетістігін айрықша атап өтуге болады. Себебі пара …
Жақында Астана қаласында спорттық жүзуден «Мастерс» санатындағы Қазақстан Республикасының VIII ашық чепионаты өтті. Халықаралық деңгейдегі бұл жарысты «Qazaq Aquatics» республикалық қоғамдық бірлестігі мен ҚР жүзу шеберлерінің федерациясы ұйымдастырды. Басты мақсат – спорттық жүзу ардагерлері арасындағы достық байланысты нығайту, саламатты өмір салтын насихаттау, спорттық жүзуді дамыту және шебер жүзушілердің спорттық деңгейін арттыру. Дүниежүзілік доданың бір ерекшелігі …









