15 наурызда өтетін Конституцияға байланысты референдумға міндетті түрде барамын және оны қолдаймын. Себебі Конституция – кез келген мемлекеттің басты заңы, ол елдің дамуы мен тұрақтылығының негізі болып саналады. Конституцияда әр азаматтың құқығы мен бостандығы, мемлекеттің құрылымы мен негізгі қағидаттары айқын көрсетіледі. Сондықтан оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ел болашағына тікелей әсер етеді.
Менің ойымша, референдум – халықтың өз пікірін білдіруіне берілген үлкен мүмкіндік. Әр азамат ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауы керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз әрі жауапкершілігіміз. Өз дауысымды беру арқылы мен елімнің дамуына өз үлесімді қосамын деп сенемін. Сондықтан 15 наурыздағы референдумға қатысып, Конституцияны қолдаймын. Сыгаева
Раиса Мутанқызы,
Іргелі ауылдық округігнің «Ардақты аналар» кеңесінің төрайымы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
