Бүгін бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Жандосов ауылы, О. Жандосов атындағы орта мектепте ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымымен кездесу өтті.
Іс-шара барысында ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің басым бағыттары, олардың мазмұны мен маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Қатысушыларға аталған түзетулердің елдің саяси-әлеуметтік дамуына ықпалы кеңінен баяндалды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріліп, сондай-ақ қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, өзара ой алмасты.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
