«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өкілдері Қаскелең қаласындағы «Айгөлек» балабақшасының ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасындағы еңбек құқықтарына қатысты өзгерістерді түсіндірді.
Коалиция мүшелері 27-бапта еңбек ету құқығы, қауіпсіз еңбек жағдайлары, еңбек дауларын шешу тетіктері конституциялық деңгейде бекітілгенін атап өтті. Сондай-ақ 31-бапта жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне кепілдік берілетінін жеткізді.
«Еңбек адамы – мемлекеттің тірегі. Жаңа Конституцияда еңбекқорлық құндылық ретінде бекітіліп, жұмысшылардың құқықтарын қорғау күшейтілді», – деді коалиция мүшесі Қаныбек Айтжанов.
Кәсіпорын қызметкерлері өз ойларымен бөлісіп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар алды.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
