«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Қаскелең қаласындағы «Қазақтелеком» және «Қазпошта» еңбек ұжымымен кездесіп, 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдум мәселелерін талқылады.
Кездесуде коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның өндіріс саласы қызметкерлеріне берер мүмкіндіктеріне тоқталды. Еңбек қауіпсіздігі, жалақы, демалыс және әлеуметтік кепілдіктер конституциялық деңгейде бекітілгені айтылды.
«Жаңа Конституцияда еңбек адамдарының құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінген. Қауіпсіз еңбек жағдайлары, әділ жалақы және әлеуметтік қамсыздандыру – мемлекеттің міндеті ретінде бекітілді», – деді коалиция мүшесі Бигайша Карбозова.
Ұжым қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу соңында олар референдумға белсене қатысып, ел болашағына өз үлестерін қосатындарын білдірді.
«Қазақтелеком» және «Қазпошта» өкілдеріне Конституция жобасы айтылды
Главная » Жаңалықтар » Жаңа Қазақстан » «Қазақтелеком» және «Қазпошта» өкілдеріне Конституция жобасы айтылды
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
