Желтоқсан айының 10-нан бастап елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталған болатын. Осыған негізде өткен аптаның жұма күні «Nur Otan» партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Алия Абсеметова, Данияр Алимбаев және облыстық, аудандық мәсли-хатқа кандиттар белсенді жастар және еріктілермен кезекті кездесу өткізді.
Күн тәртібіне сай өткізілген кездесу барысында үміткерлер қарасайлықтарды өздерімен таныстырып, сайлауалды бағдарламалары мен алдыға қойған мақсаттары туралы толыққанды ақпарат беріп өтті. Нақтырақ айтқанда, жиында үміткердің бірі – Алия Маратқызы елімізде жастар мен еріктілерге барынша көмек көрсету керектігін, сондай-ақ, еліміздегі гендерлік саясатты жақсарту үшін құрған жоспары жайлы айтып өтті. Өзінің сайлауалды бағдарламасына сәйкес, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатындағы жобаларға ерекше зейін аудару қажетілігіне де тоқталды. Ал, облыстық мәслихатқа үміткер Жанболат Жөргенбаев қазіргі таңда өзекті мәселелер су, жол, құрылыс, спорт, білім сияқты маңызды салаларына баса назар аударып, оны шешуге қатысты жоспарымен бөлісті. Партияның міндет-мақсаттарын жиналғандарға жан-жақты таныстырып өткеннен кейін, жастарды сайлау науқанына белсене атсалысуға шақырды.
Одан кейін облыстық және аудандық мәслихатқа кандиттар «Есіктен есікке» атты партия акциясының аясында Қаскелең қаласының тұрғындарының үйіне барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Бұрым ОРЫНБАСАР.