Елімізде мал шаруашылығы ауылшаруашылығының маңызды саласы болап табылады. Өйткені ол халықты ет, сүт, жұмыртқа секілді әртүрлі құнарлы тағамдармен, жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдерімен қамтамасыз етеді. Оның үстіне қазақ халқы байырғы заманнан мал шаруашылығын өзге кәсіптен жоғары қойған. Бұл үрдіс әлі күнге дейін сақталып, қазіргі уақытта мемлекет тарапынан аталған салаға көп көңіл бөлінуде. Оған дәлел – …
Жуырда аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып, оның жұмысын кеңес төрағасы Жанат Исағұлов жүргізді. Алдымен күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Ауданның инфрақұрылымын дамыту және өзге де мемлекеттік бағдарламалар аясында өз міндетін жүзеге асыру бойынша және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ауданның сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Дінсұлтан Бейсенбек хабарлама жасады. Аудандық бөлімнің облыстық сәулет және қалақұрылысы …
Ауданның сыртқы бейнесі тартымды болуы үшін оның барлық аумағын ретке келтіріп, көшелерінде көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізіп, саябақтар мен демалыс орындарын жүйелі түрде абаттандырып отырудың маңызы айрықша. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен елімізде 2024 жылы бастау алған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жақсы септігін тигізуде. Аталған шара азаматтар арасында, оның ішінде қоғам қайраткерлері, пікір …
Осыдан бір апта бұрын аудан әкімі Жасұлан Естенов Райымбек ауылдық округінде жергілікті халықпен кездесіп, кезекті есептік кездесуін өткізді. Оған аудан прокуроры Аңсаған Данағұл, бірқатар бөлім мен мекеме басшылары қатысты. Ал бұл басқосу былтыр ғана күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген Абай ауылындағы М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінде өтті. Аудан басшысы алдымен аталған білім ошағының жағдайымен, сондай-ақ мектеп оқушыларының …
В Каскелене, на базе средней школы «Келешек», состоялась республиканская научно-практическая конференция, в которой приняли участие лучшие педагоги Казахстана. Они обсуждали актуальные для отечественного образования проблемы, презентовали уникальные проекты и сообща думали, как сделать так, чтобы и в школах, и в вузах формировать личности, которые принесут пользу нашему обществу и помогут развитию страны. Особый тон конференции …
Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерге оқуға немесе жұмыс істеуге бару керек болса, онда міндетті түрде тілдік деңгейді нақтылайтын арнайы сынақтан өту қажет. Бұл ретте «IELTS» деп аталатын тест түрі ғана таптырмас мүмкіндік болып табылады. Аталған емтихан түрін қабылдайтын мекеме Қазақстанның кез келген жерінде табыла бермегендіктен, оның маңызы жоғары. Ал мұндай орталықтың бірі енді Қаскелең қаласында бар …
Бүгінгі таңда Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің тапсырмасына сәйкес, Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және базарлардағы делдалдарды азайту мақсатында кешенді жұмыстар қолға алынды. Бағаны бақылау үшін өңірлік комиссия апта сайын мониторинг жүргізіп, статистикалық мәліметтер негізінде қымбаттаған тауар түрлерін анықтайды. Осы мақсаттағы жұмыс тобы өткен аптаның жұма және сенбі күндерінде аудан аумағындағы базарларда …
2026 жылдың 22 сәуірі күні Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы «Келешек» мектебінде «Заңды білу – міндетің» тақырыбында ашық диалог алаңы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында білім беру ұйымдарының өкілдері Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары, оның білім беру жүйесіндегі рөлі, сондай-ақ жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Кездесу аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеу …
16 апреля 2026 года в стенах SDU University в городе Каскелен состоялась торжественная церемония открытия официального тестового центра IELTS on Computer, реализованного совместно с организацией IDP IELTS Kazakhstan. Данная инициатива является стратегически важным проектом, направленным на развитие международной экзаменационной инфраструктуры и повышение доступности качественного образования в регионе. В мероприятии приняли участие руководство SDU University во …
2026 жылғы 16 сәуірде Қаскелең қаласындағы SDU University қабырғасында халықаралық деңгейдегі маңызды білім беру оқиғасы – IDP IELTS Kazakhstan ұйымымен бірлесіп жүзеге асырылған IELTS on Computer ресми тестілеу орталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл бастама өңірдегі жоғары білім мен халықаралық емтихан инфрақұрылымын дамытуға бағытталған стратегиялық жоба болып табылады. Іс-шараға SDU University басшылығы ректор Әлімжан Игенбаевтың жетекшілігімен, …









