Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды.
Президент атап өткендей, жолдар, әуежайлар, вокзалдар мен денсаулық сақтау мекемелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысын бастау қажеттігі айтылды.
Бұл бастама – қоғамдағы әрбір азаматтың құқығы мен қажеттілігін ескеруге бағытталған маңызды қадам. Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар балалардың сапалы медициналық және оңалту қызметтерін алуына жағдай жасау – әлеуметтік мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.
Оңалту орталықтарының дамуы балалардың денсаулығын жақсартуға, олардың қоғамға бейімделуіне және толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік береді. Ал қоғамдық нысандардың кедергісіз ортаға бейімделуі барша азамат үшін тең мүмкіндік қалыптастырады.

