Дүйсенбі күні Талғар ауданындағы «Akbulak Olympic Сenter» спорт кешенінде волонтерлер слеті өтті. Жиынға Алматы облысы Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле және Қарасай аудандарының еріктілері, қоғамдық, жастар саясаты, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысты. Басқосу барысында қонақтарды Алматы облысының Жастар саясаты бөлімінің өкілі Талант Ахметов құттықтап, аталған іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Бүгінгі таңда волонтерлік қызмет аясы кеңейіп, қоғамдық істерге …
Талғар қаласындағы «Дарын» инновациялық мектебі 2020 жылдың қыркүйек айында ашылған. Бүгінде бұл білім ордасында 206 оқушы оқиды. Мектептің оқыту бағдарламасы тек қана мемлекеттік стандартпен шектелмейді. Мұнда балалардың бойында зерттеушілік қасиеттерін дамытатын Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша сабақтар жүреді, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады. Білім ордасының ерекшеліктері туралы тереңірек «Дарын» инновациялық мектебінің директоры Гүлжанар Еңкебаевамен әңгімелескен кезде айтып …
Жуырда Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округінде аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы А.Аскербековтің, әкімдік пен тиісті мекеме басшыларының қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Халық алдында округ бойынша атқарылған жұмыстар, ауылдың әлеуметтік — экономикалық жағдайы және даму болашағы туралы Кеңдала округінің әкімі А.Өмірзақов есеп берді. Айта кетейік, Кендала ауылдық округінің құрамына Кеңдала, Ақдала, Ақтас және Еңбекші ауылдары …
Жеке сот орындаушылардың қызметі, әрине тиімді. Ал енді қызмет ерекшеліктеріне келер болсақ, жеке сот орындаушылар өзінің қызметін ҚР Әділет департаменті берген мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырады. Өз қызметін өзі қаржыландырады. Қаржыландыру көзі борышкерден өндірілген қаржыдан құралады. Үкіметтің қаулысы бойынша жеке сот орындаушылар әрбір қызметі бойынша қандай көлемде қызмет ақысын ала алатындығы белгіленген. Өндірілетін сомасына қарай …
Жамбыл ауданында әйелдерге қолдау көрсететін үкіметтік емес ұйымның жұмыс істеп келе жатқанына жиырма жылдан асты. «Жамбыл аудандық әйелдерді қолдау орталығы» деп аталатын қоғамдық бірлестіктің алға қойған мақсаты не, немен айналысады, осыншама уақыт аралығында нәзік жандыларға қандай пайдасын тигізді деген сұраққа жауап іздеп көрелікші. Ұйымның әу баста қалай құрылғанын оның жетекшісі, Ұзынағаш ауылының тұрғыны Галина Әлжанова …
Исмаилжан Әбдіқадырұлы 1959 жылы осы ауылда туған. Сан ұлттың басын қосқан жұмысшылар кенті ол кезде Фабричный аталатын. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Қарғалы деген тарихи атауы қайтарылды. Осында ержетіп, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген ол туған ауылындағы мектепте ұзақ жыл ұстаздық етті. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып басталған еңбек жолы …
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Ұзынағаш ауылында орналасқан Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлы атындағы «28237» әскери бөлімінің құрылғанына 50 жыл толуы аудандық Мәдениет үйінде үлкен сән-салтанатпен аталып өтті. Жиынға аталған министрліктің, облыс пен ауданның басшылығы, әскери бөлімнің ардагерлері, сардарлары мен сарбаздары және мектептегі әскери-патриоттық клубтардың өрендері қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова …
Тәуелсіз туған Отанымыздан айналайық! Кең байтақ елі-жеріміздің әр тасы, әрбір бұтасы ыстық. Көгіне шұбатылып жататын көк түтіні де көңілімізге жақын. Ұлағаты мол ұлтымыздың қара домбырасынан төгілер күмбір де күмбір күйіне, ғажайып көркем тіліне жетер ештеңе жоқ?! Қастерлеп төрге іліп қоятын домбыраның орны да жөні де бөлек. Кең даланың құшағына ғаламат үнмен Құрманғазының күйлері төгіліп бір …
Елеулі де мерейлі Нағима Таласбаеваны Жетісу өлкесінің тұрғындары жақсы таниды. Біздің кейіпкеріміз Көксу ауданындағы Ерікті ауылында дүниеге келген. Жұмыс бабымен Кеген өңірінде тұрақтап қалғанына жарты ғасырдан асып барады. Бар мәнді ғұмырын өнерге арнап келе жатқан сүйегі асыл, жүрегі жұмсақ, тілегі алтын ананың өмірдегі, өнердегі соқпақтары тек қана сәттіліктеріне толы. – Ол кезде Талдықорған өз алдына …
Мынау жарық дүниеде адамға рухани нұры мен нәрін ғана сыйлайтын өнер әлеміне жетер, тең келер ештеңе жоқ. Өнер өлкесінен жаның жадырайды, көңілің көркейеді. Мөлдірліктен, ізгіліктен, тұп-тұнық сырлы сезімдерден ғана құралатын өнер әлемінен аларың көп. Жетісудың төрі саналатын таланттардың өлкесі – Кеген ауданында мәнді де мағыналы бар ғұмырын өнерге арнап, елі мен жұртына талай жылдардан әуезді …