Бүгін Қарасай аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторымен және колледж педагогтарымен бірлесіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға кезекті рейдтік іс-шара жүргізілді. Көп жағдайда баланың оқуға деген қызығушылығының төмендеуі отбасы ішіндегі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелермен, ата-аналық бақылаудың жеткіліксіздігімен немесе психологиялық қиындықтармен байланысты болып жатады. Осыған байланысты біздің негізгі мақсатымыз – мәселенің түпкі себебін анықтап, ата-аналармен …
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп директорының бастамасымен түнгі рейдтік іс-шара өткізілді. Рейд барысында мектеп әкімшілігі балалар көп шоғырланатын орындарды аралап, қоғамдық тәртіптің сақталуына бақылау жүргізді. Сондай-ақ кафе, мейрамхана және ойын-сауық орындары тексеріліп, онда мектеп оқушыларының болмағаны …
Балалардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және жас ұрпақ үшін қауіпсіз орта қалыптастыру – Қарасай ауданындағы мемлекеттік органдар жұмысының басты басымдықтарының бірі. Бұл бағытта аудан әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жыл басынан бері жоспарға байланысты тиісті жұмыстар атқарып келеді. Мәселен, 2026 жылдың басынан бері бүгінгі күнге …
Қарасай ауданының мақтанышы әрі беделді білім ошақтарының бірі болып табылатын Қаскелең қаласында орналасқан Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздегі «100 үздік олимпиадалық мектеп» тізіміне еніп, ауданның абыройын асқақтатты. Бұған қоса білім ордасы осы жетістік арқасында Алматы облысы бойынша ағымдағы жылдың ең үздік бес мектебінің қатарынан көрінді. Бұл жетістік – оқушылардың …
Газетіміздің өткен нөмірінде ағымдағы жылдың 10 мамыры күні еліміз бойынша басталған Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) науқанында ауданымыздың өрендері жоғары нәтижелер көрсетіп жатқаны жайлы жазып, оқырман қауыммен жағымды жаңалықты бөліскен болатынбыз. Бұл – жай сөз емес. Ауданымыз бойынша биылғы оқу жылында білім додасына қатысуға ресми түрде 3 609 мектеп бітіруші түлек өтінім білдірген еді. Емтиханның алғашқы …
Аптаның басында білім және ғылым қызметкерлерінің Қарасай аудандық жергілікті кәсіптік одағы мен аудандық білім бөлімі бірлесе ұйымдастырған білім қызметкерлері арасында дәстүрлі аудандық спартакиада өтті. Шараның басты мақсаты – қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау, мектеп ұжымдары арасындағы бірлікті нығайту және ұстаздар мен техникалық қызметкерлерді дене шынықтырумен шұғылдануға кеңінен тарту. Биылғы бәсекенің ауқымы кең болды. Ауданның 47 …
Мамыр айының 10-ы күні елімізде мектеп қабырғасында алған он бір жылдық білімді қорытындылап, шәкірттердің кемелдігін сынайтын маңызды да шешуші кезең – Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) науқаны басталған болатын. Қазіргі уақытта Қарасай ауданының жас өрендері осынау жауапты сынның бірінші кезеңінен сүрінбей өтуде. Алғашқы күндерден-ақ бағы мен бабы қатар шапқан оқушыларымыз тамаша нәтижелер көрсетіп, аудан қоржынына толымды …
В нашем районе на территории детского оздоровительного центра ARMAN DALA прошло особо значимое и довольно масштабное мероприятие. В его рамках чествовали элиту учащейся молодежи Алматинской области – победителей международных и республиканских олимпиад, конкурсов и соревнований. Началось торжество с флешмоба. Затем с успешным завершением учебного года и с Международным днем защиты детей поздравил всех руководитель областного …
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған сәттен бастап, уақыт өте келе оқушылардың арасында білімді болуымен қатар, түрлі өнерге деген құштарлықтары байқалып жатады. Олардың жан-жақты дамып, әсіресе, шығармашылық көкжиектерінің кеңейе түсуі жетістіктерге жетуге жол ашады. Осындай дарынымен дараланған білімгерлердің бірі, Жібек жолы ауылындағы жаңа қазақ орта мектебінің оқушысы – Сезім Оразалы. Ол жайлы 1 маусым – Халықаралық балаларды …
Әр оқу жылы аяқталған сайын мектеп қабырғасында алған білімімді және ұлағатты ұстаздарымның берген бағыт-бағдарын, ақыл-кеңестерін ерекше еске аламын. Өткен күнге көз жүгіртіп, балалық шақтан қазіргі жасыма дейінгі ескірмейтін естеліктерге жүрегім елжірейді. Кейде қолыма қалам алып, сол бір санамдағы сағынышты қағаз бетіне түсіретінім бар. Мен 1956 жылы, 14 қаңтарда Қаскелең ауданы, Кошмамбет ауылында дүниеге келгенмін. Зейнеп …










