Бүгінге дейін қоғамда жойылмай келе жатқан қауіпті дерттің бірі – жемқорлық. Бұл әрбір саланың дамуына кедергі келтіретін тосқауылдардың қатарында тұр. Осындай қауіпті кеселдің алдын алуын және адам өміріне қатері мол екенін түсіндіру үшін бүгін Қарасай ауданының Мәдениет үйінде «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында тренинг өтті. Іс-шараны аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі ұйымдастырды. Жиынға …
Шамалған ауылдық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Балалар жылының қарсаңында өткен аптада «Жанашыр жүрек» атты қайырымдылық шарасы өтті. Жақсылықты насихаттаған бұл кештің аясында тұрмысы төмен отбасыдан шыққан шамалғандық 50 оқушы қысқы киіммен қамтылып, қуанышқа кенелді. Бұл игі шараның өтуіне Қарасай ауданының Құрметті азаматы, Шамалған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Молбаев тікелей себепші болды. Шамалған ауылдық Мәдениет үйінде …
Қазақстанның саяси сахнасындағы әділетті Қазақстанның жаңа кезеңі бүгіннен бастау алды. Жақында өткен сайлаудың нәтижесі бойынша жұртшылықтың басым сеніміне ие болған Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Президент қызметіне кірісіп, салтанатты түрде ант берді. Мемлекет басшысының ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақстандықтардың жағдайын жақсартуға қатысты біраз бастамаларды көтерді. Әділетті мемлекет, әділетті қоғам, әділетті экономика құратынын айтып, елдің ертеңі үшін бар …
Ел тағдырындағы тағы бір тарихи жағдайға куә болдық. Бүгін Қазақстанның жаңа ақ парағы ашылды десек болады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретінде ұлықтау рәсімі өтті. Бүгіннен бастап ол ел тізгінін ұстаушы ретінде жаңа қызметіне қайта кірісті. Мемлекет басшысының халық сеніміне ие болып, ұлт тағдырына жауапты болуы бәрімізді қуантады. Қасым-Жомарт Кемелұлының осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары онсыз да …
Осы аптаның бейсенбісі баспанасыз жүрген әлеуметтік осал топқа жататын қарасайлықтар үшін берекелі болды. Оларға тұрғын үй кезегі бойынша Шамалған ауылындағы жалға беру құқығынсыз 20 үйдің кілті табыс етілді. Бұл үйлер «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілді. Қоныс тойдың қуанышына Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов арнайы қатысып, салтанатты жағдайда жеке тұрғын …
Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов осы аптада аудан тұрғындарын қабылдап, оларды толғандырған мәселелеріне көңіл бөлді. Азаматтарды қабылдау кезінде олардың басым көпшілігі тұрғын үй бағдарламасы аясында кезекке тұру арқылы баспана мәселесін қозғаса, бірқатары жұмыссыздықты алға тартып, өтініштерін білдірді. Тұрғын үй мәселесі бойынша барлығына тиісті жауап берілді. Кейбірінің кезегін нақты анықтап, «Отбасы банкінің» ұсынған «Бақытты отбасы» бағдарламасы …
Кешегі өткен еліміздегі маңызды саяси науқанға бүгін нүкте қойылды. Сайлаушылардың басым дауысымен Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасалды. Елдің сеніміне ие болған Президентіміз халық мүддесі үшін елеулі еңбек етуіне толық мүмкіндігі бар және қарымы мен қабілеті де жеткілікті. Сондықтан Мемлекет басшысын сайлауда ел тұрғындарының басым бөлігі дұрыс шешім қабылдады деп санаймын. Қасым-Жомарт Кемелұлы жоғарыда айтып кеткенімдей, еліміздің …
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланғалы бері атқарған жұмысы халықтың көз алдында. Онда төтенше сынақ та, қалың бұқараға деген теңдессіз әлеуметтік қолдау да, халқын қуантып, өзінің мерейін өсірген түрлі дәрежелі сапарлар да болды. Олардың барысында басым көпшілік Президентіміздің ел тыныштығы үшін жасаған қадамына ризашылық танытып жатса да, таразылап, салыстырып, кем-кетігін іздеп отырушылар да болғаны анық. …
Кешегі өткен Президент сайлауы ел тарихында қалатыны сөзсіз. Қазақстан халқының басым көпшілігі Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен сенім білдіріп, өз таңдауларын лайықты жасады деп ойлаймын. Оның бұл жеңісі қазақстандықтардың алдындағы беделінің жоғары екенін тағы анық көрсетті. Келешекте ел тізгінін ұстайтын Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың үмітін ақтайды деген сенімдемін. Өйткені ол осы уақытқа дейін тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін талай …