Тұрыспек Доспанбетов қаладағы №949 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, сол жерде қызмет етіп жүрген жандарға, тұрғындарға батасын берді. Қария 1955 жылы Іле ауылында дүниеге келген. Кейіннен Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Қапшағай қаласында 17 жыл бойы ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Одан бөлек, облыста бірнеше лауазымдарда болған. Ол 2015 жылы Қапшағай қаласының Құрметті азаматы атағын …
Алматы облысының жастарына жеңілдікпен пәтер алу мүмкіндігі қарастырылды. Анығын айтқанда, Алматы облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ бірлесе отырып, осы жылдың 1 қазанынан бастап «Алатау жастары» деп аталатын тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Ипотекалық тұрғын үй бағдарламаның бірнеше шарты бар: •Несие сомасы 18 миллион теңгеден аспайды; •Бастапқы жарна – 10%; •Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі – …
Қарасай ауданына қарасты Қарасай батыр орта мектебінің ұстаздарымен АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб кездесу өткізді. Кездесу барысында атом энергетикасының Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне және экономикалық тиімділігіне қосатын үлесі талқыланды. «АЭС – бұл экологиялық таза әрі тұрақты энергия көзі. АЭС салу арқылы біз энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізіп, сыртқы нарықтарға тәуелділікті азайтамыз», – деді Халықтық штаб мүшесі …
Халықтық штаб мүшелері «Сандуғаш» балабақшасының ұжымымен кездесу өткізді Кездесу барысында штаб мүшесі Бекжан Сүнбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауының мақсатын түсіндіріп, оның әр бөліміне арнайы тоқталып, сонымен қатар атом энергетикасының Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне, экономикалық тиімділігіне қосатын үлесіде талқыланды. – Біз шекаралас мемлекеттердің энергия жүйесіндегі жұмыстың сапасына ішінара тәуелдіміз. …
Қаскелең қаласында орналасқан «Таусамалы қызмет» кәсіпорын ұжымымен АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері кездесу өткізді. Кездесу барысында атом энергетикасының Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне және экономикалық тиімділігіне қосатын үлесі талқыланды. «АЭС – бұл экологиялық таза әрі тұрақты энергия көзі. Бүгінгі таңда Қазақстанның электр энергиясын тұтыну деңгейі жыл сайын артып келеді, ал қолданыстағы станциялар бұл қажеттілікті толық …
Береке ауылында орналасқан дәрігерлік амбулатория қызметкерлерімен өткен кездесуде Халықтық штаб өкілдері АЭС салудың экологиялық аспектілері туралы пікір алмасты. Өңірлік халықтық штаб мүшелері Жанар Кулиева, Азамат Аширбаев және Батима Алиярова қатысқан кездесу барысында елімізде АЭС салудың қажеттілігі туралы кеңірек айтылып, АЭС-тің қазіргі заманғы технологияларының қауіпсіздігі мен сенімділігі туралы егжей-тегжейлі талқыланды. Жиын соңында дәрігерлік амбулатория ұжымы бірауыздан …
Халықтық штаб мүшелері Қаныбек Айтжанов, Ербол Жақсыбаев және Бекжан Сүнбеков қатысқан кездесу барасында елімізде АЭС салудың қажеттілігі туралы кеңірек айтылып, АЭС-тің қазіргі заманғы технологияларының қауіпсіздігі мен сенімділігі туралы егжей-тегжейлі айтылып, әлемнің дамыған елдеріндегі тәжірибелерде мысалға келтірілді. Олар Қазақстанның экономикалық және экологиялық тұрақтылығын нығайту үшін атом энергиясын дамыту қажет екенін де алға тартты. «АЭС салу елдің …
АЭС құрылысына қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Сидней Олимпиадасының чемпионы, халықаралық спорт шебері Ермахан Сағиұлы Ыбрайымовпен кездесті. Олар алдағы референдумның маңызы мен АЭС салудың ел болашағына тигізетін пайдасы жайлы талқылады. 🔹Кездесу барысында Қаныбек Айтжанов атом электр станциясының Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылық үшін маңызды екенін атап өтті. 🔸Ермахан Ыбрайымов бұл бастаманы қолдайтынын айтып, 6 …
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Қарасай ауданындағы Гуманитарлы-техникалық колледжінің ұжымымен және студенттерімен кездесу өткізді. Жиынның мақсаты – атом электр станциясы салу жобасының елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен болашағына тигізер ықпалы туралы түсіндіру, жастар арасында кең ауқымды ақпарат тарату. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Халықтық штаб мүшелері Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев сөз сөйлеп, …
Жалпы көп жағдайда адамдардың сана сезімінде зейнет жасқа келу өмірдің тоқтап қалуымен бірдей. Десе де бүгінде заман ағымына сай өмірін үйіндегі бала-шағасымен өткізіп отырған қарияларымыз үшін күндерін қызықты әрі белсенді өткізудің көптеген амалдары бар. Соның бірі – еліміздің барлық аймақтарында ашылып жатқан Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы. Аталған мекеменің негізгі мақсаты – зейнет жасындағы адамдарды …