Қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекеннің көрікті келбетін қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында аумақтар қоқыстан тазартылып, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Туған жеріміздің тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Әрбір азамат өз ауласы мен айналасын таза ұстауға үлес қосса, қоршаған ортамыз да көркейе түседі.
Қарасай ауданы «Жасыл Ел» еңбек жасақшыларының қатысуымен «Киелі аймақ»акциясы аясында, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде Қаскелең қаласының көрікті таулы бөктерінде тазалық жұмыстары жүргізілді. 🌱 Шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатты аялау, туған өлкенің көркін көркейту және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Жастар белсенділік танытып, табиғи аумақты қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыру жұмыстарына өз …
Тазалық – ортақ міндет, табиғатты қорғау – баршамызға ортақ жауапкершілік. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қарасай аудандық кітапханасының қызметкерлері сенбілікке қатысып, кітапхана аумағын және айналасын тазалау жұмыстарын жүргізді. 🌱 Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрқайсымыздың күнделікті әдетімізге айналуы тиіс. Таза әрі көрікті орта қалыптастыруға өз үлесімізді қосайық! Тазалық – тәртіптің бастауы! Таза Қазақстан – таза …
Жамбыл ауылдық округінің аумағында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында кезекті «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында округ аумағындағы қоғамдық орындар мен орталық көшелер тазартылып, шашылған қоқыстар жиналып, белгіленген орындарға шығарылды. Тазалық жұмыстарына округ қызметкерлері мен тұрғындар қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Таза ауыл – таза …
Ұмтыл ауылдық округі аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында санитарлық-тазалық шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауыл аумағын абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Таза бейсенбі» акциясы алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады. Ауыл тазалығы – баршаға ортақ міндет. Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалық жұмыстарын қолдауға шақырамыз.
«Игі істер марафоны» жобасы аясында «Табиғат жанашыры» номинациясы бойынша «Таза аула – таза орта» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыру және тұрғындарды туған жерін таза ұстауға үндеу. Іс-шара барысында жастардың қатысуымен Ұлы Отан соғысының батырларына арнап орнатылған ескерткіштің айналасы тазаланып, аумақтағы қоқыстар жиналып, ағаштардың түптері ретке …
Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының қолдауымен Қарасай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Іргелі ауылдық округіне қарасты «Алтын Орда» сауда базарында «Тазалық – тынысы» атты тазалықты сақтау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының жастары сауда базары аумағында тазалық сақтауға шақыратын арнайы ақпараттық брошюралар таратып, қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындардың тазалығын …
Бүгін Елтай ауылдық округінде абаттандыру және тазалықты сақтау мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына Елтай жайлы мектебінің еріктілері, М. Бейсебаев атындағы орта мектептің жас мамандары, Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, ауыл тұрғындары, сондай-ақ кішкентай еріктілер де белсене қатысты. Сенбілік барысында ауыл аумағы тазартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Туған жердің көркеюіне үлес қосып, …
Жібек жолы ауылының тазалығына үлес қосқан жандарға қолдау көрсетілді. Ауылдың тазалығы мен көркеюіне күн сайын өз үлесін қосып жүрген тазалыққа жауапты адамдарға азық-түлік жағынан көмек көрсетіліп, қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл игі бастамаға атсалысып, өз қолдауын көрсеткен кәсіпкерлерімізге шын жүректен алғыс айтамыз!
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Шамалған ауылында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында ауыл аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындар мен көшелер абаттандырылды. Тазалық – баршаға ортақ міндет. Туған жеріміздің көркеюіне үлес қосып, ауылымызды таза әрі көрікті ұстауға шақырамыз!










