Жақында Іргелі ауылдық округіндегі мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарасай ауданына арналған авторлық әндер фестивалі өтті. Байқаудың басты мақсаты – ауданымызға арнайы жазылған әндердің шығармашылық мұрасын сақтау және оларды насихаттау. Сондай-ақ, әншілердің шығармашылық-тарын нығайту, дамыту, орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыруда мол мүмкіндіктерге жол ашуға негізделді. Сайысқа түскен әншілердің өнерін қазылар мүшелері ретінде Іргелі ауылдық мәдениет …
немесе жүзден жүйрік жастар қанатты сөз айтудан сынға түсті Терең мағынаға толы қазақтың нақыл сөздерімен өскелең ұрпақтың санасын сусындатып, ұлтжанды, отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін ұлт мәдениетін жаңғыртатын байқаулардың болуы маңызды. Оның дәлелі ретінде «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталатын байқауды ерекше айтуға болады. Бүгінде қанатты сөздің қасиетін ұқсам деп, жарысқа қатысуға ниетті жастардың қатары артып келеді. …
Мақал-айтыстан осыны тағы анық аңғардық Мән-мағынаға толы қазақтың нақыл сөздерімен өскелең ұрпақтың санасын сусындатып, ұлтжанды, отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін ұлт мәдениетін жаңғыртатын байқаулардың болуы керек-ақ. Осы ретте ауданымызда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Мақал – сөздің мәйегі» атты байқауды ерекше айтуға болады. Жылына бір рет аудан көлемінде болатын аталмыш сөз жарысы оқушылар арасында өткен айдың ортасында жоғары …
Қазақстанның өсіп-өркендеуі, еліміздің бейбітшілікте тыныш өмір кешуі оған өз үлестерін қосқан ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп білеміз. Жастары ұлғайғанына қарамастан бүгінгі күннің өзінде де қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, қариялық болмыстарымен, өз өнегесімен, жас ұрпақтың бағыт-бағдарына кеңес бере білулерімен де қоғамның дұрыс дамуына, білім мен өнер саласына зор үлес қосып отырған ата-әжелеріміз көп. Солардың ішінде …
Париж төрінде ән салған ауданымыздың жас таланттары жүлделі оралды. Олар: аудан орталығы – Қаскелең қаласындағы «Атамұра» балабақшасының тәрбиеленушілері Даниелла Хе мен Меруерт Қодас. Жас өрендер «Салют талантов» шығармашылық орталығы биыл осымен 28-ші рет ұйымдастырған «Париж, я тебя люблю!» атты халықаралық жарыста өз бақтарын сынады. Нәтижесі де жаман емес, әр елден жиналған 400 өнерпаздың ішінен Даниелла …
XX ғасырдың бірінші жартыжылдығындағы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосовтың атағы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азиялық аймақта кеңінен белгілі болған. Ірі мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ халқының тарихында терең із қалдырған үлкен тұлғаның туғанына биыл 120 жыл. Сондай-ақ, осындай ардақты азамат дүниеге келген біздің Қарасай ауданына 90 жыл толып отыр. Осыған орай, …
«Білесің бе, Астананың асқарлығын? Қолдап келдік Үшқоңырдан Жастар жылын!», – деп ұрандатып барған шамалғандық жастар республикалық байқауда жүздіктің ішінен алға шығып, жоғары лигаға жолдама алды. Жақында ғана Астанада КТА ойындарының маусымашары өтіп, оған Алматы облысы Қарасай ауданының атынан «Үшқоңыр» тобы аттанған болатын. Сәкен Сариев жетекшілік еткен көңілді тапқырлар командасының мүшелері, жоғарыда айтқанымыздай, «Жастар жылын» жағымды …
Музей көне ескерткіштер мен құнды жәдігерлер мұқият сақталатын немесе келушілерге таныстырылатын ерекше нысан ғана емес, ол уақытқа бағынбайтын, алмасып жатқан ұрпақтар жалғастығын үзілдірмейтін алтын арқау. Өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты жалғастырар мәңгілік көпір. Өркениетті елдердің бәрінде дерлік ұлттық музейлер зор мақтаныш, рухани орда болып саналатыны белгілі. Солардың қатарындағы ерекше, ТМД елдерінде баламасы жоқ шынайы …
Асқан бір тапқырлық пен даналықтың арнасын сипаттайтын ол – қазақтың мән-мағынаға толы мақал-мәтелдері екені рас. Жас ұрпақтың санасын қазақтың нақыл сөздері арқылы жаңғыртып, ұлтжанды болуға, рухани жаңғыру жолында ұлттық тәрбиені қалыптастыруға бағытталған байқаулардың болуы шарт. Солардың бірегейі өткен аптада аудандық мәдениет үйінде Тұңғыш Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының міндеттері аясында «Мақал – сөздің мәйегі» …
Би – өнердің көнеден келе жатқан бай бір түрі, қызықты, сан қырлы, жарқын, эмоциялық әсерге толы жанр. Сән мен уақыт ағымы халықтың тарихын бойына сіңірген халық биіне әсер ете алмады, оны жер бетінен жойып та жібере алмады. Әр халық, әр ұрпақ өз ата-бабаларын ұмытпауға тырысып, олардың өмірінен көрініс беретін әр өнер түрін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге …