Білім беру стандарты тек белгілі бір білім деңгейін оқытса, ал, баланы шығармашылыққа баулып, оның дамуына жан-жақты жағдай жасау, сөйтіп, жасөспірімдердің өзін үздіксіз жетілдіріп, қосымша білім алуын қамтамасыз етуде ата-аналар мектептен тыс мекемелердің көмегіне жүгініп жатады. Шынында да қосымша білім оқыту ғана емес, тәлім-тәрбие берудің таптырмас құралы. Өйткені, ол баланың мектептегі білімін дамытып тереңдете түседі, бос …
Соңғы уақыттарда «Тайжарыс – талант» қоғамдық қоры (қор президенті Қазақ радиосының «Шалқар» ұлттық арнасының журналисі, радиожүргізуші Гүлбағыш Бостан), балалар шығармашылығын дамыту үшін, тұрақты түрде байқау өткізіп келеді. Осындай игі мақсатты көздеген аталған өнер сыны талай жас таланттың бағын ашты да. Ауданымыздағы Райымбек ауылының тұрғындары Тұрсынбек пен Науатжанның отбасында гүлдей жайнап өсіп келе жатқан Аяла да, …
Жақында аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын-сазгер Сания Шамсидинованың «Тәуелсіздік және Елбасы» атты ән-жыр кеші өтті. Кешті авторы өзінің ізгі тілегімен бастап, қасиетті Рамазан айында Құран кітабына арнаған өлең жолдарын оқыды. Бұдан бөлек, Елбасы мен Үшқоңыр жайлы шығармаларын таныстырып, халықтың қошеметіне бөленді. Ал, одан кейін Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері. …
Жарыққа шығысымен-ақ, жұртшылықтың көңілін баурап алған «Мен қазақпын» мега жобасы биыл да жалғасын тапты. Атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз – дәстүрлі ән-күй, термелерді одан әрі дамытып, бүгінгі күн талабына сай түрлендіре отырып, өскелең ұрпаққа насихаттауды мақсат ететін байқаудың аймақтық іріктеу кезеңі жуырда біздің ауданымызда да өтті. Яғни, Қаскелең қаласындағы мәдениет үйінде Талғар, …
Ұлт руханиятының шырақшысы болып жүрген жандардың қашанда орны бөлек. Оларға ерекше құрмет көрсету мақсатында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай, үлкен мереке ұйымдастырылады. Осы кезде әр аудандағы бұл салада атқарылған бір жылдық жұмыстарға баға беріліп, он екі ай көлеміндегі ерен еңбек сараланады. Бұл игі дәстүр биыл да жалғасын тауып, Талдықорған қаласындағы Салтанат …
Өнер – өзгеше әлем. Сырт көзге әдемілігін, әсемдігін ғана көрсеткенімен, оның шынайы шыңына жету жолы, әрине, оңай емес. Себебі, сахна – киелі орын. Ол жасандылықты, жалғандықты, жалқаулықты көтермейді. Сондықтан да, бойындағы дарынын дамытып, өнер әлемінде өрісін кеңге жайғысы келетін адам ұдайы еңбек үстінде болғаны абзал. Міне, биыл кәсіби мерекесі қарсаңында жылдың «Үздік мәдениет қызметкері» атағын …
Жуырда, Қырғауылды ауылындағы «Анаға құрмет» музейі мен «Батыр бабалар» мемориалы Алматы облыстық музейлері арасындағы байланысты нығайту мақсатында, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында орналасқан «Есік археологиялық-өлкетану музейінде» «Ел іші – өнер кеніші» тақырыбындағы көшпелі көрме ұйымдастырды. Атап айтқанда, «Анаға құрмет» музейі халық назарына осы атпен көшпелі көрмені ұсынды. Оның ішінде түйреуіштер, сан түрлі алқалар, маңдайға тағатын әшекей, …
18 мамыр – Халықаралық музей күні. Бұл күн 1978 жылдан бері аталып келеді. Мәдени ошақтың қоғамдағы маңыздылығын насихаттауға бағытталған күнді әлемде жыл сайын 200-ге тарта ел мерекелейді. Рухани құндылықты ұлықтайтын шарадан қарасайлықтар да шет қалмайды. Ауданымыздағы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Серік Қалиевтың бастамасымен, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, осы жерде «Музейдегі …
Былтыр Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласы жариялана салысымен, онда көрсетілген мақсат-міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар Жетісу жерінде де бірден қолға алынғаны белгілі. Бағдарламаның өзектілігі мен терең мағынасы жете түсіндіріліп, әр аудан, қалалардан ұтымды ұсыныстар мен тың жобалар жинақталып, іс-жоспары бекітілген болатын. Бұл ретте қарасайлықтар тарапынан жасөспірімдер арасында мақал-айтыс өткізіп, кейінгі буынға сөз құдіретін …
Құрманғазы қазақтың маңдайына біткен дара күйші, композитор. Ол 1818 жылы қазіргі Атырау облысының Жиделі ауылында дүниеге келген. 1889 жылы топырақ бұйырған орны қазіргі «Құрманғазы төбесі». Күйшінің оң солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі күрделі еді. Оның күйлері қазақ халқының қайғысымен де қуанышымен де ұштаса білген. Жақында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы тапсырмаларды өнер …