Бүгін Қарасай ауданында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Аудан аумағындағы 125 сайлау учаскесі өз жұмысын бастап, тұрғындар дауыс беруде.
Қарасай ауданында 385 737 адам тұрады. Оның ішінде 241 183 адам сайлаушылар тізіміне енгізілген.
Таңертеңнен бастап аудан тұрғындары өз учаскелеріне келіп, дауыс беруде. Алғашқылардың бірі болып дауыс берген сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталуда.
Мәслихат депутаттары жергілікті бюджет пен аумақты дамыту жоспарларын қарауға қатысып, тұрғындардың мүддесін білдіреді. Бүгінгі сайлауда қарасайлықтар өз мүддесін мәслихатта білдіретін өкілдерді таңдайды.

