Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасындағы адам құқықтарына қатысты бұл өзгеріс — құқық пен жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті нақтылай түсетін норма.
Адам құқығы – кез келген демократиялық мемлекеттің іргетасы. Бірақ құқық абсолютті емес. Жаңа редакцияда құқық пен бостандықтарды жүзеге басқа адамдардың құқықтарына, қоғамдық тәртіпке, азаматтардың денсаулығына және қоғамның адамгершілік қағидаттарына зиян келтірмеуі тиіс екені нақты көрсетілген.
Бұрынғы Конституцияда мұндай тұжырым жалпы сипатта берілген еді, алайда «азаматтардың денсаулығына зиян келтірмеу» деген нақтылау болмаған. Қазіргі норма – заманауи қауіп-қатерлерді ескерудің көрінісі. Пандемия, ақпараттық ықпал, қоғамдық қауіпсіздік мәселелері мемлекеттен құқықтық шектеулердің нақты әрі түсінікті болуын талап етті.
Жайдар Мұқат,
Еркін күрес спорт түрінен жастар арасында Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, Қазақстан чемпионы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
