Бірнеше күннен бері әлеуметтік желідегі белсенді парақшалардың талқысына ұшыраған тақырыптың бірі – Қаскелең қаласындағы А.Пушкин атындағы орта мектептің жағдайы. Ондағы ақпараттардың легіне сүйенсек, оқушылардың ата-аналары білім ошағының жай-күйіне алаңдап, наразылықтарын білдірген. Сондай-ақ дәретхананың тозғанын айтып, санитарлық талаптың жоқтығын алға тартуда. Аталған жағдайға біз де назар аударып, 60 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан білім ұясына …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық акциясы еліміздің барлық аймағында апта сайын кең ауқымда жалғасын табуда. Қоғамда жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны таза ұстауға және табиғатты аялауға бағытталған бұл игі бастамадан Қарасай ауданының жұртшылығы да тыс қалмай келеді. Аталған экоакция аясында өткен аптаның сенбісінде ауданға қарасты Жібек жолы ауылдық …
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді. 2019–2026 жылдар аралығындағы негізгі нәтижелер: ▪️ Электрондық үкімет. Қазақстан БҰҰ-ның 193 мемлекет арасындағы электрондық үкіметті дамыту индексінде 39-орыннан 24-орынға көтеріліп, өз көрсеткішін 15 позицияға жақсартты. ▪️ Ғарыштық технологиялар экспорты. Көрсеткіш нөлден 70 млн АҚШ долларына дейін өсті. …
Цифрлық технологиялар – қоғамның дамуына серпін беріп, күнделікті өмірді жеңілдетудің маңызды құралы. Ал жасанды интеллект (ЖИ) жаңа идеяларды жүзеге асырып, қызмет көрсету сапасын арттыруға және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгінде цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алу, ақпаратқа жылдам қол жеткізу және заманауи технологияларды тиімді пайдалану мүмкіндігі кеңейіп келеді. Цифрландыру мен ЖИ – инновацияға жол …
Қыс мезгілінде әрбір бала жылы, жарық әрі қауіпсіз залда жаттығады! 🏆 “Үшқоңыр” спорт мектебінде 2026-2027 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде! 🔧🔥 ✅ Жылыту жүйелерін тексердік ✅ Қазандықтар мен құбырларды жөндедік ✅ Қосымша жылыту шараларын жоспарладық ✅ Қысқы маусымға қосымша жылыту құралдары дайындалды Біздің басты мақсатымыз – 1500-ге жуық шәкіртіміздің жылы әрі қауіпсіз жағдайда жаттығуы. …
2026 жылғы 22 қыркүйекте «Таза Қазақстан» акциясы аясында Көксай ауылы, Үлгілі ықшам ауданында рейдтік жұмыстар жүргізілді. Рейд барысында Іргелі ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы А. Каримов және Іргелі ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Кенжебай бірлесіп, белгіленбеген жерге қоқыс төгіп жатқан 3 «HOVA» жүк көлігін анықтады. Аталған фактілер бойынша көлік иелері анықталып, тиісті шаралар қабылдануда. Заңсыз …
Елімізде кітапсүйер қауымға арналған «Кітап оқитын ұлт» атты ең ауқымды марафон басталды! Бұл – сүйікті ісіңізбен айналысып, қомақты жүлдеге ие болудың бірегей мүмкіндігі. Алты айға созылатын республикалық доданың қорытындысы бойынша ең үздік 10 оқырманның әрқайсысы 10 млн. теңгеден алады. Байқаудың шарттары мен қатысу жолдарын аудандық орталық кітапхана мамандары егжей-тегжейлі түсіндіріп береді.
Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында Coca-Cola жүйесі Қазақстанның төрт қаласында экологиялық сенбіліктер өткізді. Бастамаға компанияның қызметкерлері, ReStart экологиялық жобасына серіктес университеттердің студенттері, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының» өкілдері, сондай-ақ серіктестер қосылды. Іс-шараға Алматы, Астана, Ақтөбе және Шымкент әкімдіктері қолдау көрсетті. Төрт қалада өткен экологиялық акцияға 400-ден астам адам қатысты. Қатысушылар 5,8 …
Қарасай ауданында «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді жобаға тарту жұмыстары басталды. Жобаның негізгі мақсаты – кітап оқуды күнделікті өмір салтына айналдыру, азаматтардың зияткерлік әлеуетін арттыру және тұрақты кітап оқу дағдысын қалыптастыру. Осы бағытта марафон аясында мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге арналған «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» арнайы бағыты қарастырылған. Аталған бағыт қызметшілердің …
Ұмтыл ауылдық округінің жастары табиғатты қорғау және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған экологиялық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында жастар аумақты тазалап, табиғатты аялау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін өз үлгілерімен көрсетті. Табиғат – болашақ ұрпаққа аманат. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау, табиғи байлықтарды ұқыпты пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Осындай игі …










