Елімізде кітапсүйер қауымға арналған «Кітап оқитын ұлт» атты ең ауқымды марафон басталды! Бұл – сүйікті ісіңізбен айналысып, қомақты жүлдеге ие болудың бірегей мүмкіндігі. Алты айға созылатын республикалық доданың қорытындысы бойынша ең үздік 10 оқырманның әрқайсысы 10 млн. теңгеден алады. Байқаудың шарттары мен қатысу жолдарын аудандық орталық кітапхана мамандары егжей-тегжейлі түсіндіріп береді.

