2026 жылғы 22 қыркүйекте «Таза Қазақстан» акциясы аясында Көксай ауылы, Үлгілі ықшам ауданында рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Рейд барысында Іргелі ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы А. Каримов және Іргелі ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Кенжебай бірлесіп, белгіленбеген жерге қоқыс төгіп жатқан 3 «HOVA» жүк көлігін анықтады.
Аталған фактілер бойынша көлік иелері анықталып, тиісті шаралар қабылдануда. Заңсыз қоқыс төгу фактілері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
⚠️ Көлік иелері 23 қыркүйек күні сағат 09:00-де Іргелі ауылдық округі әкімдігіне шақыртылды.
Қазіргі таңда тиісті жедел-анықтау және құқықтық жұмыстар жүргізілуде.
❗️Ескерту: белгіленбеген орындарға қоқыс төгетін азаматтар мен кәсіпкерлерге бұдан әрі де рейдтік жұмыстар барысында бақылау күшейтіледі және заң аясында тиісті шаралар қабылданады.
Тазалық талап емес – ортақ жауапкершілік!
Заңды бұзуға жол бермейміз!

