Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында Coca-Cola жүйесі Қазақстанның төрт қаласында экологиялық сенбіліктер өткізді. Бастамаға компанияның қызметкерлері, ReStart экологиялық жобасына серіктес университеттердің студенттері, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының» өкілдері, сондай-ақ серіктестер қосылды. Іс-шараға Алматы, Астана, Ақтөбе және Шымкент әкімдіктері қолдау көрсетті.
Төрт қалада өткен экологиялық акцияға 400-ден астам адам қатысты. Қатысушылар 5,8 тоннадан астам қалдық жинады, 365 кг пластик сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілді.
Дүниежүзілік тазалық күні жыл сайын бүкіл әлем тұрғындарын қоғамдық кеңістікті тазартуға жұмылдырып, жұртшылық назарын қалдық мәселесінің өзектілігіне аударады. Coca-Cola жүйесі үшін бұл халықаралық экологиялық бастама компания қызметкерлері мен жастардың басын қосып, нақты шараларға тікелей қатысу арқылы өз бойыңда экологиялық әдеттер қалыптастыруға болатынын көрсетудің тамаша мүмкіндігі болды.

