Қарасай ауданында «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді жобаға тарту жұмыстары басталды.
Жобаның негізгі мақсаты – кітап оқуды күнделікті өмір салтына айналдыру, азаматтардың зияткерлік әлеуетін арттыру және тұрақты кітап оқу дағдысын қалыптастыру. Осы бағытта марафон аясында мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге арналған «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» арнайы бағыты қарастырылған. Аталған бағыт қызметшілердің кәсіби білімін жетілдіріп, ой-өрісін кеңейтуге және тұлғалық дамуына ықпал етуді көздейді.

