Спортпен шұғылдану адамның дене күші мен денсаулығын нығайтып қана қоймай, сонымен бірге жоғары адамгершілік және рухани қасиеттерді қалыптастыра отырып, ерік-жігерге, табандылыққа, табысқа ұмтылуға тәрбиелейді. Мұндай мықты адамдар өмірдің барлық саласында кез келген тапсырманы жеңе алады. Бұл ретте соңғы жылдары Алматы облысында мемлекеттік қызметшілер арасында спортты насихаттау, оларды жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортқа тарту, саламатты …
Осыдан бір апта бұрын Қарасай ауданының Мәдениет үйінде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық құқықтық акциясы өтті. Бұл шара аясында 300-ден астам аудан тұрғыны тегін заң кеңесіне жүгініп, пайдалы ақпарат ала білді. Акцияның басты мақсаты – қарапайым азаматтарға жедел және сапалы көмек көрсетіп, тұрғындар мен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы сенімді нығайту. Тұрғындарға өз кеңестерін ұсынушылардың қатарында Қарасай ауданының прокуратурасы, …
Жуырда Қарасай аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізіліп, оны кеңес төрағасы Жанат Исағұлов ашты. Күн тәртібі бойынша бірінші кезекте ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сырым Жарқымбаев «Ауыл шаруашылығы бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары туралы» есеп берді. Жалпы ауданның жер көлемі 201 мың га. болса, ауыл шаруашылығы бағытындағы 126 мың га., оның ішінде егістік айналым 39,5 мың га …
Жақында Қонаев қаласында 2024-2025 оқу жылында халықаралық және республикалық олимпиада мен ғылыми жарыстарда топ жарып, білімімен дараланған жеңімпаздарды марапаттау шарасы өтті. Оған Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысып, аталған жарыста оза шапқан үздіктерді марапаттады. Шара барысында алдымен беделді байқауларға қатысып, жеңімпаз атанған 147 оқушы марапатталды. Оның ішінде білім сынында жеңімпаз атанған 22 қарасайлық оқушы …
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, дәл осы күні Шамалған ауылының Ту тұғыры алаңында аудандық деңгейде мерекелік іс-шара өтті. Елдік пен ынтымақтың нышаны саналатын бұл басқосуда Мемлекеттік Гимн орындалып, Мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, Елтаңбаның қастерлігі айтылды. Бұл тарих пен тәуелсіздікке деген тағзымның өзгеше үлгісі болды. Мерекелік жиынға ардақты ардагерлер, ауданға қарасты бірқатар …
Как идет выполнение поручений Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева, данных им на IV заседании Национального курултая? Как усилить общественный контроль на всех уровнях и во всех сферах? Об этом говорили участники выездного заседания общественного совета Алматинской области IV созыва, модератором которого выступил председатель данного совета Казыбек Дауталиев. Примечательно то, что оно состояло из двух частей. Первая …
Алматы облысында азаматтарды алдауға бағытталған қаржы пирамидаларына қарсы кешенді жұмыстар атқарылып жатыр.Бұл туралы Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Бақтияр Жүзенов мәлімдеді. Қаржы пирамидаларының алдын алу және жолын кесу мақсатында Департамент кешенді жедел-іздестіру және талдау шараларын тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Соңғы уақытта алаяқтық сипаттағы жобалар …
2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында Алматы облысы бойынша табиғи монополиялар саласындағы тариф белгілеудің негізгі бағыттары мен коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелері айтылды. Ақпараттық алаңда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Өтегенова және Алматы облысы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының орынбасары Руслан Өтелбаев маңызды …
Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін аса маңызды рухани мереке. Бұл күндер мейірімділік пен жанашырлықты, жақынға жәрдемдесу мен қоғамда ынтымақ пен бірлікті арттыруды дәріптейді. Құрбан айт мерекесі – тек діни мейрам ғана емес, бұл – рухани тазару, қоғамда мейірімділік пен бауырмалдықты нығайтатын ерекше күн. Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында Сағи …
Алматы облысында волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы жастар саясаты басқармасының бас маманы Мадина Есентемирова және «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәулет Ауданбаев мәлімдеді. Бұл жоба жастарды ерікті еңбекке тарту мәдениетін қалыптастыру, азаматтық белсенділікті арттыру және волонтерлік қызметті жүйелі дамыту мақсатында іске …










