Осы аптада ауданымыздың Жастарға қызмет көрсету орталығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында Brain ring интеллектуалды ойыны өтті.
Зияткерлік сайысқа жеті командадан құралған 21 мемлекеттік қызметші қатысып, заң және тарих бағытындағы сұрақтарға жауап беріп, сондай-ақ логикалық тапсырмалар арқылы өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды.
Қызық әрі белсенді өткен интеллектуалды ойынның қорытындысы бойынша Іргелі ауылдық округі әкімінің аппараты жеңімпаз атанып, І орынға ие болды. Ал ІІ орынды Райымбек ауылдық округі әкімінің аппараты иеленсе, үздік үштіктен Жібек жолы ауылдық округі әкімдігінің ұжымы көрінді.
Мемлекеттік қызметшілер арасында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында заңдылықты нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шара соңында жарысқа белсене қатысқан өзге командаларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Қарасай ауданының
ішкі саясат бөлімі.

