Биыл Қазақстандық жеке құрамдағы «Атқыштар батальонының» Тәжік–Ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толып отыр.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысына сәйкес елімізден 500 сарбаздан құралған атқыштар батальоны ТМД-ның сыртқы шекарасын қорғау мақсатында құрылды. Сол сарбаздардың қатарында Қарасай ауданынан шыққан азаматтар да Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.
Бүгін Қаскелең қаласында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу жиыны өтті. Шара барысында гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланып, батырларға тағзым жасалды.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
