Конституцияға енгізілуі жоспарланып отырған түзетулер Қазақстанның дамуында адам құқықтарын ең жоғары құндылық ретінде айқындайтын жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді. Мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейту, өмір сүру құқығын абсолютті түрде бекіту, жеке тұлғаның қол сұғылмаушылығы мен ар-намысы және қадір-қасиетін қорғау — құқықтық мемлекеттің басты белгілері. Сонымен қатар, сот билігінің тәуелсіздігін нығайту, «Миранда ережелерін» Конституция деңгейінде бекіту және құқықтық айқындық қағидатын күшейту азаматтардың заң алдындағы қорғалуын арттырады. Цифрлық дәуірде дербес деректерді қорғау мен әлеуметтік құқықтарға ерекше назар аударылуы да қоғамның заманауи талаптарға сай дамып келе жатқанын аңғартады. Бұл өзгерістер азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырып, әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыруға нақты негіз болады.
Аяужан Садуақасова,
«Атамекен» тарихи-мәдени орталығының директоры.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
