Аталған өзгерістер адам құқықтарын қорғаудың жаңа деңгейге көтеріліп жатқанын көрсетеді. Әсіресе, өмір сүру құқығын абсолютті құндылық ретінде бекіту, жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, сондай-ақ цифрлық кеңістікте дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету — бүгінгі қоғам үшін аса өзекті. Бұл түзетулер құқықтық айқындықты күшейтіп, азаматтардың мемлекет пен сот жүйесіне деген сенімін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Илимдар Камилов ,
«Ахысқа» түрік этномәдени орталығының төрағасы, заңгер, медиатор.

